Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.