Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.
"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз - отандастарыңыздың Сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.