09 шіл, 2022 сағат 21:16

Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!", - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.