05 қаз, 2022 сағат 12:35

Тоқаев Рим Папасының Қазақстан туралы айтқан сөзін еске салды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасының Қазақстан туралы айтқан сөзін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз әлі де шетелдік инвесторлар үшін тартымдымыз. Әлемде Қазақстан халықаралық істерде жауапты және өз дамуында прогреске қол жеткізуге бағытталған әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылатын серпінді дамушы ел ретінде танымал. Бұл, әсіресе, күрделі геосаяси жағдай, араздық пен сенімсіздік дамып жатқанда өте маңызды. 

Жақында Қазақстанға келген Рим Папасы Франциск өзінің уағыздарының бірінде еліміз "ЕО-ның кездесу және диалог орны" ретінде көрінетінін, "бейбітшілік пен адами бауырластықты дамытудың қозғаушы күші" саналатынын, "еститін әрі сыйлайтын әлемді құру жөніндегі күш-жігерді" басты назарға алатынын мәлімдеді. Понтификтің әрі адамзаттың ең беделді рухани көшбасшыларының бірінің бұл сөздері Қазақстанды жақсы сипаттайды әрі құндылықтарымызды ерекше көрсетеді", - деді ол.