Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.