24 нау, 2022 сағат 13:05

Тоқаев Паралимпиада жүлдегері Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XIII Қысқы Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Герлиц пен екі жаттықтырушыны "Құрмет" орденімен наградтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейжің қаласындағы XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович, Коломиец Василий Сергеевич "Құрмет" орденімен наградталды", - делінген хабарламада.