13 мау, 2022 сағат 10:50

Тоқаев осы аптада Петербор мен Тегеранға барады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

16 маусымда Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

17 маусымда Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.

Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.