Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптада қандай іс-шараларға қатысатынын хабарлады.
Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасы:
- Бүгін Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;
- 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;
- 30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.