Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар мен саяси бірлестіктердің халықтық коалициясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдаймыз және оның реформаларын одан әрі ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан бүгін халық коалициясы президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады. Бұл таңдау – еліміздің нағыз патриоттарының, Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы. Ең бастысы, сайлау қарсаңында жетекші саяси күштер елдің еңсесін көтеретін ортақ мақсатты қолға алады", - деді Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Астанада өткен форумда.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке Amanat, ҚХП және "Ақ жол" партиялары ұсынды.