07 шіл, 2020 сағат 18:58

Тоқаев: Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.