25 мау, 2022 сағат 12:08

Тоқаев Келімбетовке шетелден инвестиция тартуды тапсырды


Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.