10 қыр, 2023 сағат 22:25

Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын жарқын жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.