Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан президенттік басқару жүйесінде қала беретінін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан - демократиялық мемлекет. Мазмұны жағынан заңдарымыз да демократиялық сипатқа ие. Біздегі көптеген факт басқа мемлекеттерге қарағанда (қайсысы екенін сұрамай-ақ қойыңыз – Қ.Т) Қазақстанның демократиялық ел екенін айғақтайды. Алайда кемелдікте шек жоқ. Сол себепті, мен өз бағдарламамда, 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауымда «біз қоғамның саяси жаңғыруын жалғастыратынымызды, саяси реформалардың экономиканы дамытудың мүмкін еместігін» атап өттім. Қазақстан президенттік басқару жүйесінде, президенттік республика болып қалады», - деді Президент «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы тілшіге «Мықты Президент, ықпалды Парламент, халық пен Парламентке толыққанды есеп беретін Үкімет» формуласын таңдағанын атап өтті.
«Осы формулаға ынталана береріміз анық», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-6 желтоқсан күндері Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Deutsche Welle басылымына сұхбат бергенін хабарлаған болатынбыз.