22 қыр, 2022 сағат 16:02

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.