22 там, 2022 сағат 21:35

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс жасады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ, осы саладағы экспортты бақылау мәселелері қарастырылғаны хабарланған болатын.