13 қыр, 2022 сағат 13:21

Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті


Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Патриархқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жұмысына қатысқанына және осы маңызды форумның мақсат-міндеттерін ілгерілетуде көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Бұл - Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы.

Патриарх бейбітшілік, келісім және өзара құрмет сынды құндылықтарды ілгерілету үшін әлем көшбасшылары батыл шешімдер қабылдауының маңыздылығына тоқталды.

Құрметті қонақ Съезд қорытындысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді.