07 мау, 2022 сағат 18:40

Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады


Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Осы аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ, Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент Есеп комитетін жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.