06 ақп, 2023 сағат 11:25

Президент Екібастұздағы жағдай бойынша тапсырма берді

Фото: pavlodarnews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екібастұздықтардың пәтерлеріндегі температураны тұрақтандыруды тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар, Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.