27 мам, 2022 сағат 17:13

Польша президенті Тоқаевқа қоңырау шалды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Тоқаев Польша тарапының бастамасы бойынша Президент Анджей Дудамен телефон арқылы әңгімелесті.

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Тарихи өлшем бойынша осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында президенттер өзара мүддені көздейтін кең ауқымды бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.