Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, съезд 26 сәуірге шақырылған. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады.
"Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында Adal саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған", - деп жазды Асхат Оралов Facebook-парақшасында.