Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары және жақындарымен кездесіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті", - деді Берік Уәли.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың жағдайын білген.