19 қыр, 2023 сағат 08:12

Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтады

© Photo: Пресс-служба НОК Казахстана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік.

Ризабек Айтмұханның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді Президент.