16 нау, 2022 сағат 14:15

Тоқаев: Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр


Парламенттің рөлін күшейту қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұл туралы баса айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын», - деді Президент.