03 шіл, 2021 сағат 20:06

Тоқаев Алаш Орда жетекшілерінің ескерткіші ашылатынын айтты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою - тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

"Осыған байланысты Президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты", - делінген хабарламада.