ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан құрылған министрліктің басшысына нақты тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
«Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма» деп жазды Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, осы аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылып, оны басқару Мағзұм Мырзағалиевке жүктелген болатын.