Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Жергілікті әкімдік ұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлі шараларға жұмылдыра отырып өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің пікірінше, білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі.
Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім келген.