20 қаң, 2025 сағат 18:10

Тоқаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Министр әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндаған.

Одан бөлек Ерлан Сарсембаев, Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берген.

Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтіп, кездесу соңында, Әділет министріне бірқатар тапсырма берген.