19 ақпан ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 облысында оқушылардың сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Білім беру басқармасының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды.
Сондай-ақ Қызылорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.