Фото: видеодан скриншот
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Құрмаш Махан лирикалық әндерін жас кезінде сүйген қызына арнағанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Әнші Qazaqstan арнасының "Бәрекелді" шоуында қонақ болып, сүйген қызына 9 ән арнағанын әңгімеледі.
"Бір қызға тоғыз ән арнадым. Сол қыздың көңілін табу үшін тек ән арнамай, тауды да қопардым. Мен ән де жазамын, сахнаны да бағындырамын, басқа да нәрселерді істей аламын дегенді көрсетуге тырыстым", - дейді әнші.
Дегенмен, көп әнінің авторы өзі емес, қазақ өнерінің майталман композиторлары мен ақындары.
"Әрине тоғыз әннің бәрінің авторы мен емес. Мысалы, «Армандаймын адам боп жаралғасын» әнінің композиторы – Бағлан Омаров. Сөзін ақын Әмзе Қалмырзаұлы жазған. «Жан сырымның» авторы - Жолбарыс Сейфуллин. Мен үйленіп, ол тұрмысқа шыққаннан кейін біз араласқан жоқпыз. Оның керегі де жоқ болды. Мен үшін ол – естелік", - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Құрмаш Махан.
