11 қаз, 2019 сағат 16:21

ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысында қандай құжаттарға қол қойылды

Ашхабадта өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысынан кейін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің стратегиялық экономикалық ынтымақтастығы туралы Декларациясы;

2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер басшыларының ұйымға мүше мемлекеттердің халқына және әлемдік қауымдастыққа 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы совет халқының Жеңісіне 75 жыл толуына орай Үндеуі;

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлерін орындауды беру туралы Конвенциясы;

4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің 2020-2022 жылдар аралығында терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық түрлерімен күресте ынтымақтастығы туралы Бағдарламасы.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысқан болатын.