Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, жәрдемдесуге әрі өзара көмек көрсетуге бағытталған.
«Аталған ТМД мемлекеттері кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін негізгі халықаралық шарт болып саналады. Келісімге қол қойылғаннан бері 25 жыл өтті, сол себепті аталған құжат нормаларын тиісті өзгерістер енгізу жолымен жетілдіру қажет», - деп түсіндірді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Самайылов.
Хаттама кеден саласындағы ТМД нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша ТМД елдерімен бірлесіп әзірленді.
«Мәліметтерді беру, сауалдардың мазмұны, сауалды орындау, алынған ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар негізгі баптарға өзгерістер енгізу ұсынылады. Ақпаратпен алмасу орталық кеден органдары арасында да, сол сияқты тікелей аумақтық органдарының арасында да жүзеге асыруды көздейтін ережелер енгізілді. Заң жобасын қабылдау кедендік бақылаудың тиімділігін көтеруге, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайтуға, ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіру мен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді Ә. Смайылов.