Time журналы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путинді ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Time американдық басылымының журналистері салалық сарапшылармен бірге жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін жасады. Тізім алты санатқа бөлінді: Титандар", "Жаңашылдар", "Әртістер", "Көшбасшылар", "Пионерлер" және "Кумирлер".
"Көшбасшылар" номинациясына Украина президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путин, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен, АҚШ президенті Джо Байден, Германия канцлері Олаф Шольц және Оңтүстік Корея басшысы Юн Сок Ель кірді.
Зеленский туралы пікірді АҚШ президенті Джо Байден жазды.
Ал Путиннің туралы пікір білдірген - ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.
Time анықтаған жылдың ең ықпалды адамдарының толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады..
821 рет оқылды