Техас штатының тұрғыны Джоди Фариг тікұшақпен көкке көтерілген соң бірнеше минуттан кейін ұшу аппараты апатқа ұшырады.
Sputnik порталының хабарлауынша, апат АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Олбани қаласындағы аэродром маңында болған. Бір қызығы Джоди ұшу сәтін басынан видеоға түсіріп, камерасын жерге құлағанға дейін өшірмеген.
Ал видеода барлық процедуралар аяқталғаннан кейін тікұшақтың аспанға көтеріліп, тиісті бағытпен ұшқаны көрінеді. Бастапқыда командалар орындалып, жылдамдық артып, бәрі ойдағыдай іске асып жатты.
Алайда, ұшу аппараты көкке көтерілгеннен соң бірер минуттан кейін дыбыстық сигнал естіліп, кенет тікұшақ солға қарай ауытқып, төмендей бастайды.
Кейінірек 36 метр биіктікте тікұшақтың қозғалтқышы істен шыққаны белгілі болды. Жерге қону кезінде тікұшақтың артқы бөлігіндегі қалағы ағаштарға тиіп, жұлынып кеткен.
Айта кетейік, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.