30 сәу, 2024 сағат 14:19

Терроризмді насихаттап, экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырған 8 адам сотталды


Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Белгілі болғанындай, сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.


Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.


Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.


«Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған. 2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді»,- ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.