фото: Gov.kz
Терроризмді насихаттаған екі адам 7 жылға сотталды. Бұл туралы Ult.kz, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Тараз тұрғыны шетелдегі террористік топтардың жағында соғысқа қатысуға шақырып, өзі де соларға қосылуды жоспарлаған.
“Тараз қаласы сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны үшін (ҚР ҚК 256-бабы), діни алауыздықты қоздырғаны үшін (ҚР ҚК 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Екінші сотталған адам – Алматы қаласының тұрғыны бұған дейін бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған. Ол интернетте радикалдық идеологияны насихаттаумен айналысқан.
«Алматы қаласы сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны үшін (ҚР ҚК 256-бабы), есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны үшін (ҚР ҚК 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады ҰҚК.