27 қар, 2021 сағат 21:10

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді


Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Андре Горанссон - Роберт Линдстердтпен кортқа шықты. 

Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3. 

Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3. 

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. 

Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен ұтты. 

Қазақстандықтар ертең Канада командасымен ойнайды.