16 нау, 2022 сағат 23:43

Теннис: Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың ширек финалына шықты


Қазақстандық Тимофей Скатов Италиядағы Розето-дельи-Абруци 2 челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған 21 жастағы Скатов екінші айналымда әлемнің 202-ракеткасы, португалиялық Гаштау Элиашпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 6:2, 0:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат жарым уақытқа созылған матчта Скатов 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы да 1 эйс, 5 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей жартылай финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.

Қазақстандық спортшы өткен аптада да дәл осындай жарыстың ширек финалына дейін жеткен болатын.