27 қыр, 2021 сағат 12:57

Теннис: Тимофей Скатов ATP рейтингінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді


Қазақстандық Тимофей Скатов кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-тен 36-ға төмендеді. 

Есесіне 20 жастағы Тимофей Скатов бірден 11 сатыға жоғарылап, 269-орынға орнықты.

Сондай-ақ Дмитрий Попко 188-ден 187-ге, Денис Евсеев 403-тен 398-ге, Александр Недовесов 514-тен 513-ке көтерілді. 

Михаил Кукушкин 146-дан 150-ге сырғыды.