23 қыр, 2021 сағат 18:47

Теннис: Рыбакина Острава турнирінің ширек финалына шықты


Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған Польша өкілі Магда Линетпен кездесті. 

Қазақстандық теннисші 6:3, 2:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 11 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді. 

Рыбакина жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 6-ыншы, осы турнирдің 1-ракеткасы, тағы бір поляк қызы Ига Швентекпен таласады. И.Швентек екінші айналымда Юлия Путинцеваны ұтқан болатын.