31 жел, 2020 сағат 19:38

Теңіз кенішіндегі вахталық кентте қойма өртенді

Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі вахталық кентте қойма өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС-ның баспасөз қызметінен.

Өрт туралы тиісті органдарға хабарланған. Қойманың өртену себебін анықтау үшін тексеру жүргізілмек.