21 қаз, 2020 сағат 09:15

Теңіз кенішіндегі тағы 3 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Атырау облысында тағы да 11 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүсйенсек, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталып отыр. 

«Қауіпті індетті жұқтырушылардың дені - Атырау қаласында тұратын тұрғындар. Ал үш науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шыққан. Қазір 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.