Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды.
«Қауіпті індетке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал 9 науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.