28 мау, 2022 сағат 16:15

Теңге бағамы нығая түсті


Теңге бағамы нығая түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,89 теңгеге төмендеп, 456,05 теңге болды. Ал АҚШ валютасының 28 маусымдағы ресми бағамы 460,95 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 454,91 теңге, сату - 459,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,34 теңгеден сатып алынып, 457,13 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 8,64 теңгеболды. Бұл ретте рубльдің 28 маусымдағы ресми бағамы 8,66 теңге болып белгіленген.