#
#
Сенбі 16/01/2021

Теміртаудағы екі мектепке Әлихан Бөкейхан мен Бауыржан Момышұлының есімдері берілді

  • 13.01.2021
  • 0
  • 277

Қазақ елінің атақты ұлдарының есімдерімен металлургтер қаласының екі оқу орны аталды, деп хабарланды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтында.

Теміртаудағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол - «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1917 жылы Әлихан Бөкейхан Қазақ автономиясы үкіметінің басшысы болды.

 Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов бұл бүкіл ұжым, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды.

- Жаңа жыл қарсаңында мектепке мемлекетіміздің дамуының бастауында тұрған Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз, - деді Бағдат Нашкенов.

Теміртаудағы №23 мектепке белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл атаулар біздің еліміздің тәуелсіздігі үшін көп жұмыс жасаған ұлы ата-бабаларға құрмет болып табылады.

Биыл Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналғанына 30 жыл толады. Осыған орай Теміртауда ақындар айтысы, «Жауыртау кездесу» облыстық Форумының фестивалі және басқа да шаралар өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар