23 шіл, 2021 сағат 20:03

Теміртауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті


Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде төртінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 шілде күні сағат 19:14-те Теміртау қаласында 4-қабаттағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала қараусыз қалып, абайсызда құлап кеткен. 

«2017 жылғы бала 4-қабаттан құлағаннан кейін ауруханаға түскен. Науқаста биіктіктен құлау жарақаттары анықталд ы . Іш жарақаты. Дистальды аяқтың эпифизінің жабық эпифизиолизі. Иек аймағының жарақаты», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ересектер тарапынан дұрыс бақылаудың болмауы — балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі, дейді облыстық ТЖД мамандары. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларын әрдайым қадағалап отыруды, оларды терезелері бар ашық үй-жайларда жалғыз қалдырмауды сұрайды.