30 қаң, 2023 сағат 18:46

Текелі әкімдігі неге PlayStation 5 сатып алмақ болғанын түсіндірді

Фото: pixabay.com

Текелі қаласының әкімдігі PlayStation 5 ойын консолін сатып алу туралы хабарландыруды не үшін жариялағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісу облысындағы Текелі қаласының мәдениет үйі PlayStation 5 ойын консолін және оған арналған бірнеше ойынды сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Топтаманың бағасы 600 мың теңге болған.

Қала әкімдігі "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК халыққа мәдени-демалыс қызметтерін кеңейту мақсатында балалар ойын бөлмесін ашатынын жеткізді. Осы мақсаттар үшін заманауи PlayStation 5 ойын консолі мен теледидар сатып алынады.