Ақтау қаласының 29-шағын ауданында «Abu Baby» балалар киім дүкенінің иесі тұрғындарға тегін азық-түлік пен сыйлықтар таратқан. Салдарынан адам көп жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылған. Тұрғындар бір-бірін қысып, балалар адасып кеткен.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі кәсіпкердің алдын ала өткізілетін шара туралы хабарламағанын айтып отыр. Осыған байланысты кәсіп иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
