17 жел, 2021 сағат 19:15

Тбилисидегі телемұнара Қазақстан туының түсіне боялды

Видеодан алынған кадр

Тбилисидегі телемұнара Қазақстанның Мемлекеттік туының түсіне боялды. Грузия осылайша елімізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауды ұйғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Мтацминда тауында орналасқан телемұнара - қаладағы ең биік нүкте. Мерекеге орай ол аспан көк және сары түске боялған. Грузия астанасы тұрғындары мен қонақтары осындай көріністі тамашалады.

Сербия астанасындағы басты көрікті жерлер - Ұлттық жиналыс үйінің үлкен күмбезі, Албания сарайы мен көпірлер Қазақстан Туының түсіне боялды.

Қазақстан елшілігінің қолдауымен Белград елді Тәуелсіздік мерейтойымен, сондай-ақ, Сербия мен Қазақстан арасындағы қатынастың 25 жылдығымен құттықтады.