Фото: kaganmedia.org
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Енді жыл сайын 3 қыркүйек – Қазақтың тазысы мен төбет күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Тиісті өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №278 қаулысымен бекітіліп, құжат 28 сәуірден бастап күшіне енеді.
Жаңа мереке қазақтың байырғы мұрасының бір бөлігі саналатын ұлттық ит тұқымдары – тазы мен төбетті дәріптеуге арналған. Үкімет бұл бастама дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен насихаттауға бағытталғанын атап өтті.
