29 жел, 2016 сағат 14:38

Тәжікстан мен Ресейдің әуе жанжалы бітер емес: тараптар бір-бірін сотқа береді

Ресми Душанбенің мәлімдеуінше, ресейлік "Ямал" компаниясы тәжік тарапымен келіссөздерде нақты дәлелдер келтіре алмады, сол себепті сотқа жүгінуді жөн деп тапқан.

Тәжікстанның көлік министрі Шерали Ганджалзоданың айтуынша, "Ямал" компаниясының сотқа арызданамыз деп қорқытуы - оның Тәжікстанға ұшуға ресми рұқсаты жоқтығын дәлелдейді. Министр тәжік тарапының мүддесін сотта қорғауға әзір екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, министрі Ресей аймақтарына ұша алмай қалған "Сомон Эйр" компаниясы да шығынға батқанын айтып, соны өтеу үшін сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұның алдында ресейлік "Ямал" әуе компаниясының коммерциялық директоры Андрей Дубров компания шығынын сотта өндіріп алғысы келетінін жариялаған.